Тәуелсіз Қазақстандағы тәуелділер

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен студент жастар арасында нашақорлық пен лудоманияға тәуелділік тақырыбы талқыланды.
    Кездесуде қазіргі жастар арасындағы ең өзекті тақырыпқа арнап түсірілген бейнематериал көрсетіліп, бүгінгі күнгі статистика айтылды. Іс-шараға БҚО Прокурорының аға көмекшісі К.М.Самигуллиев, БҚО Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Е.Т.Назаров, қоғам белсендісі, ерікті А.К.Мырзахметова, БҚО жастар арасындағы «ММА» спорт түрі бойынша жаттықтырушы А.А.Исентаев арнайы қатысты.
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтай отырысында да, биылғы жылғы халыққа Жолдауында да жастар арасындағы есірткі мен бәс тігуге тәуелділік мәселесін қозғаған болатын.
    Жастар ісі жөніндегі комитет директоры Жанбота Ешимова «Қазақстандық отбасылардың проблемаларының бірі – ойынға тәуелділік мәселесі қоғамды толғандырады және қатаң шешімдер қабылдауды талап етеді. Өкінішке орай, жастар арасында жақсы таралған есірткінің, әсіресе синтетикалық заттардың заңсыз айналымы, ұлттық қауіпсіздікке үлкен қауіп төндіреді. Осы сын-қатерлерге қарсы тұру үшін Кешенді жоспар аясында бірлесе жұмыс жасауымыз қажет»-деді.
    Біздің қоғамда «құмар ойындарға тәуелділік» тақырыбы, өкінішке қарай, қашан да өзекті. Өйткені оның салдары ауыр. Құмар ойынға тәуелді адам қарыз алуға құмартады, артынан бұл әрекеті отбасылық жанжалға, тіпті, қылмысқа дейін барады. Қарызын жаба алмай, өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары да көп тіркелген. Бүгінгі күні Қазақстанда құмар ойындарға тәуелділікпен байланысты проблемаларды мойындайтын адамдардың саны шамамен 36 000 адамды құрайды. Олар 36 млрд теңгеге бәс тіккен. Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз осы мәселеге тап болса, сіз өңірлік психикалық денсаулық ұйымдарына немесе Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының www.mentalcenter.k сайтына жүгіне аласыз.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз