М.Өтемісов атындағы БҚУ-да бейресми білім беру

    Coursera онлайн-білім беру платформасында М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері мен магистранттарын оқытудың күзгі легі басталды. Білім алушыларға психология, бизнес, компьютерлік ғылымдар, физика, математика, дизайн, инженерлік және т.б. бағыттар бойынша білім беру курстарының үлкен спектрі ұсынылды.

    Факультеттерде оқыту семинарлары өткізіліп, платформада жұмыс істеу бойынша қысқаша шолу жасалды. ЖОО студенттері мен магистранттарынан жалпы саны 500 лицензияға өтініш жіберілді. Бейресми білім алуға деген ұмтылыс білім алушылар арасында сұранысқа ие, күзгі лекте лицензия алмағандар келесі семестрде оқуға ниет білдіріп отыр.

    Әлемдегі жетекші университеттердің бағдарламаларына қол жеткізе отырып, бейресми білім студенттерге сапалы білім алуға, әртүрлі елдердің адамдарымен қарым-қатынас жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Coursera сертификаты жұмысқа орналасу мен мансаптық өсуге мүмкіндік береді.

    Мукашева З.У. -

    қашықтықтан және онлайн оқыту орталығының жетекшісі

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз