Шағын футболдан жарыс өтті

    13.10.2023 ж. М.Өтемісов атындағы БҚУ спорт сарайында университет бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен «Ұстаздар күніне» және «Республика күніне» арналған ПОҚ мен қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өткізілді. Шараның мақсаты еңбек ұжымының бірлігін арттыру, ұжым ПОҚ мен қызметкерлері арасында футболды насихаттау және дамыту, денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарысқа алты команда қатысты.

    Жарыс аралас жүйе (топтық және айналмалы) бойынша жоғары эмоционалды деңгейде өтті.

    Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төмендегі командалар арасында бөлінді:

    • 1 орын: Ақпараттық технологиялар бөлімінің командасы;
    • 2 орын: Университет әкімшілігінің командасы;
    • 3 орын: Физика-математика факультетінің командасы.

    Турнирдің үздік ойыншылары деп танылды:

    • Бақтығалиев Жалғас – Үздік шабуылшы (физика-математика факультетінің командасы);
    • Арстан Өмірбек – Үздік қақпашы (университет әкімшілігінің командасы);
    • Жанұзақов Мейірман – Үздік қорғаушы (ақпараттық технологиялар бөлімінің командасы);
    • Дүйсенбаев Төрехан – Турнирдің үздік бомбардирі (университет әкімшілігінің командасы).

    Жүлделі орындарға ие болған командалар мен үздік ойыншылар дипломдармен және университет бастауыш кәсіподақ ұйымының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз