Шахмат - өнер, спорт және ғылымды біріктіретін ойын

    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде "Шахмат" қосымша білім беру бағдарламасы бойынша оқыту басталды.
    Minor бағдарламасының мақсаты - шахматты ойлау стилі ретінде насихаттау, кәсіби қызметте көп сатылы стратегияларды қолданудың болашақ мүмкіндіктерін іздеу болып табылады.
    Оқу барысында студенттер мотивация, логика, зейін, эмоционалды тұрақтылық, рефлексия, ұйымшылдық сияқты қосымша дағдылар мен қасиеттерге ие болады.
    Студенттер ойынның өзекті комбинациялары мен тактикасын, оның негізгі стратегияларын, шахмат ойынының оқыту әдістерінің ерекшеліктерін үйренеді.
    Оқытуды ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмагелдиев Данияр Қадырұлы жүргізеді.
    Осы бағдарлама бойынша оқыған студенттер білім беру ұйымдарында шахмат бойынша үйірмелер, факультативтік сабақтар өткізе алады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз