2023-2024 оқу жылында университетте факультеттер ұйымдастыратын әдістемелік айлық аясында ПОҚ шығарған оқу құралдарын білім алушылармен таныстыру мақсатында ғылыми кітапханамен бірлесіп авторлармен кездесулер ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылдың 3 қарашасында әдістемелік айлық аясында педагогика факультеті мектепке дейінгі және бастауышта оқыту педагогикасы білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен «Білімнің кілті – кітапханада» тақырыбында ПОҚ шығарған оқу құралдарының авторлары мен білім алушылардың арасында кездесу өтті.
Іс-шара п.ғ.к, доценті, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы Б.А Молдағалиевтың алғы сөзімен басталды. Автор бүгінгі таңда жарық көрген әдебиеттерімен таныстырып, баспаға материал дайындаудың жолдарын түсіндірді. Факультет деканы п.ғ.к, аға оқытушы Г.А.Ергалиева факультет ғалымдары шығарған құнды әдебиеттерге тоқтала келе, білім алушыларды кітапханадан көптеген мағлұмат алатынын айтты.
Кездесу барысында соңғы үш жылда факультеттің ПОҚ шығарған оқу құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, білім алушылар авторларға өздерін толғандырған сұрақтарын қоя отыра, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар білім алушылар өздері оқыған кітаптың жанры мен мазмұны бағытында, қызықтырған шығармалары жөнінде бір-біріне сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Кездесу соңында әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің сарапшысы А.Е.Рахметова ұйымдастырушыларға алғыс білдіре келе, білім алушыларды ізденімпаз, шығармашыл болуға шақырды.