7-қараша күні әдістемелік айлық аясында Педагогика факультетінің ұйымдастыруымен университеттің бөлім жетекшілері мен профессор-оқытушылар құрамына «Арт-терапиядағы инновациялық әдістер арқылы дистресс пен депрессияны алдын алу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингтің барысында дистресс және депрессия туралы түсінік беріліп, оның адам ағзасына әсері туралы айтылды және стресс жағдайында психологиялық тұрғыдан арттерапия бағыты бойынша өзіне-өзі көмектесу жолдары көрсетілді. Тренерлер: «Педагогика және психология» БББ оқытушы-магистрлер А.А.Сисенғали және Б.Н.Тулегенова.