Екі жақты академиялық байланыс

    М.Өтемісов атындағы БҚУ мен В.Татищев атындағы Астрахан мемлекеттік университетінің өкілдерімен екі ЖОО арасындағы ғылым және білім саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселесі бойынша онлайн кездесу өтті. АМУ атынан халықаралық қызмет жөніндегі проректоры – Фадина Ангелина Геннадьевна мен институт директорлары, БҚУ атынан Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, профессор Ахмеденов Қажымұрат Мақсұтұлы, халықаралық байланыстар және көптілділік бөлімінің басшысы, PhD Зубков Владислав Серегеевич және магистратура бөлімінің басшысы Хамидуллина Альфия Мұхитқызы қатысты.
    Онлайн кездесуде БҚУ докторанттарын даярлау саласындағы бірлескен жұмыс жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, М.Өтемісов атындағы БҚУ магистранттарына В.Татищев атындағы АМУ ПОҚ-ның ғылыми жетекшілік етуі, бірлескен зерттеулер ұйымдастыру мәселесі қаралды. Қорытындылай келе, тараптар алдағы академиялық жылға арналған ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың жол картасын жасауға келісті.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз