2023 жылғы 17 қарашадан университетте әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің бастамасымен «Жас оқытушылар мектебінің» жобасы өз жұмысын бастады.
Жас оқытушылар мектебінің мақсаты – жас оқытушыларға оқу жұмыстарын дайындау және өткізуге, оқу-әдістемелік материалдар мен аудиториядан тыс іс-шараларды әзірлеуге көмек көрсету, кәсіби құзыреттілігін дамыту, дәстүрлі және инновациялық педагогикалық технологияларды меңгеруге ықпал ету, тәжірибелі мамандардың педагогикалық шеберлігін тарату (насихаттау). Жоба аясында жаңа кәсіби жұмысын бастаған оқытушыларға топтық, практикалық сабақтарды ұйымдастыру, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу, оқу қызметін ұйымдастыру және білім беру мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Жоба жас мамандарға арналған біліктілікті арттыру курсынан басталып, педагогикалық және әдістемелік қолдау көрсету жұмыстарымен жалғасатын болады.