2023 жылғы 14 желтоқсанда университетте «Педагогикалық көшбасшылық» жобасының қатысушылары №40 ЖОББМ мен ЭБГ оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – жоба қатысушыларының өзіне ұнаған мамандықты саналы тандауға дайындау, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізе отыра мамандыққа деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушыларына «Тайм менеджмент» тақырыбында қаржы бойынша сарапшы, бизнес-тренер Исмагулова Алмагул Ижановна құнды ақпараттар берсе, университеттің математика-информатика БББ 4 курс студенті Нагиев Алишер өзінің менторлық тәжірибесімен бөлісіп, маркетинг және кәсіби бағдар орталығының әдіскері Изтелеуова Алтынгуль кәсіптік бағдар беруде БББ бойынша, ҰБТ талаптары және т.б. ақпарат берді. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарға толыққанды жауаптар алып, спикерлерге алғыс білдірді. Кездесу соңында оқушыларға университеттің роботехника кабинеті мен мұражай таныстырылды.