Информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқу семинары

    Қысқы мектеп аясында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Орал қаласы білім беру бөлімінің арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум бойынша 2024 жылғы 4-5 қаңтарда информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Python бағдарламалау тілі» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды. Аталған семинардың мақсаты - python бағдарламалау тілін оқытуда мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету, оқытуда қиындық туғызатын тақырыптарды талқылап, өзара тәжірибе алмасу.

    Семинарға Орал қаласы білім беру бөліміне қарасты мектептердің 94 информатика пәні мұғалімдері қатысты. Екі күндік семинар барысында жоспарға сәйкес қатысушыларға теориялық білім берумен қатар, практикалық жұмыстар жүргізіліп, Python бағдарламалау тілінің қазіргі қолданылуы мен соңғы жетістістіктері талданды.

    Семинарды университеттің информатика пәні мұғалімдері және IT мамандарын дайындау білім беру бағдарламасының аға оқытушылары Мухамбетова Гайнеш Гумаровна мен Хамзина Акмарал Абилкаировна жүргізді.

    Семинар соңында қатысушылар онлайн сауалнама толтырып, кері байланыс орнатылды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз