Тренинг «Тайм-менеджмент. Уақытты тиімді басқару»

    2024 жылғы 4 қаңтарда университеттің ПОҚ-ына қаржы бойынша сарапшы, бизнес-тренер Алмагүл Исмагулова «Тайм-менеджмент. Уақытты тиімді басқару» тақырыбында тренинг өткізді.

    Тренинг барысында оқытушылар ТМ техникаларымен және оны өмірде қолдану жолдарымен танысты. Тренер ТМ бірден қолдану оң нәтиже бермейтінін, оны біртіндеп енгізе отыра, қойылған мақсатқа қарай қолдануды ұсынды. Оқытушылар осы тақырыпта өз тәжірибелерімен бөлісіп, ТМ жаңа техникалары бойынша тренермен пікір алмасты.

    Тренинг соңында қатысушылар оң пікірлерін білдіріп, ТМ өмірде тиімді пайдалану қойылған мақсатқа байланысты деген қорытындыға келді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз