Университетте қысқы мектеп шеңберінде бірқатар іс-шаралар жалғасын табуда. ПОҚ-ның басылым сапасын арттыру және әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқыту семинары ұйымдастырылды. Семинарда әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің аға сарапшысы Шолпан Буранбаевна Абишева оқу, оқу әдістемелік әдебиеттерді дайындау және баспадан шығару ұсынымдарына енгізілген өзгерістермен, РОӘК грифін алуға ұсынылатын басылымдарды ресімдеу тәртібі жайында айта келе, жоспарға ұсынар алдында қолжазбаның кем дегенде 80 % дайын болуы керектігін атап өтті.
Қысқы мектеп жұмысы қашықтықтан және онлайн оқыту орталығының жетекшісі Зауре Уфинична Мукашеваның ұйымдастыруымен өткен «Қашықтықтан оқыту және онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру» семинарымен жалғасты. ПОҚ-мен қашықтықтан және онлайн оқытуды ұйымдастыру талаптары, білім беруде біртұтас ақпарат жүйесін құру, онлайн жүйеде сабақ берудің әдіс-тәсілдері талқыланып, бірқатар ұсыныстар берілді.
Сапа және аккредиттеу бөлімінің жетекшісі Айман Амангельдиевна Кульжумиева факультет декандары, декандардың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен БББ жетекшілері/кафедра меңгерушілеріне білім беру бағдарламасының даму жоспарының құрылымы, мақсат пен міндеттерден, мақсатты индикаторлардың орындалуы, күтілетін нәтижелер, жауаптылар мен орындалу мерзімінен тұратыны туралы ақпарат берді. Стратегиялық даму және инновация департаментінің директоры Эдуард Жусупович Имашев білім беру бағдарламаларының басым бағыттары білім сапасын басқару, кадр әлеуетін дамыту, ғылыми-зерттеу қызметін дамыту, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда БББ жетекшілеріне жүйелі жұмыс жасауда ұсынылған материалдардың өзектілігін атап өтті.
Бағдарламаға сәйкес тіркеу бөлімі жетекшісі Эльмира Меңдіғалиқызы Кдиргужина «Кредиттік оқыту жүйесіндегі инновациялар» тақырыбында идеялар форумын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар кредиттік жүйенің артықшылықтары, академиялық күнтізбе, нанокредит, ECTS кредит жүйесі, қосымша білім беру, т.б. тақырыптарды талқылай отыра, өзара жаңа идеялармен бөлісті.