16 қаңтардан бастап университетте сараптамалық бағалау әдісін қолдана отырып, форсайт-зерттеу жүргізілуде. Форсайттың мақсаты – трендтердің әсерін бағалау мен орта және ұзақ мерзімді «болашақ бейнесін» анықтау негізінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың басым бағыттарын айқындау болып табылады. Сарапшылар қатарында факультет оқытушылары, магистранттары мен студенттері, университеттің Басқарма мүшелері, әкімшілік-басқару тобының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ жұмыс берушілер бар. Сараптамалық фокус-топтар бүкіл университеттің даму келешегін бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар әр факультет үшін ұйымдастырылуда. Форсайт-сессияларды өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының жобалық кеңсесінің форсайт-мектебі бағдарламасы бойынша курстан өткен университеттің сертификатталған модераторлары мен талдаушылары өткізуде. Форсайт-зерттеудің қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыруға бағытталған талдамалық есептер, факультеттерді дамыту бағдарламалары, университеттің академиялық және ғылыми-зерттеу қызметін дамытудың жол карталары дайындалады.