2024 жылғы 15 ақпанда №40 мектебінің оқушыларымен «Педагогикалық көшбасшылық» жобасы аясында «Болашақ педагог – заманауи көшбасшы» модулі бойынша тренинг өтті. Тренинг барысында оқытушы Т.Т. Мақсотова оқушыларға көшбасшы анықтамасы туралы, оның негізгі қызметі, көшбасшы бойындағы қасиеттерге терең талдау жасаса, оқушылар аталған тақырыпта өз пікірлерін ортаға салды. Оқушылар көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтап алу керектігін түсінді. Тренинг соңында оқушылар ішінен бір көшбасшы таңдалып, көшбасшы ретінде топты жетелейтін тапсырма орындады.