«Ұстаз және оның рухани мұрасы»

    2024 жылғы 28 ақпанда физика-математика факультетінде «Математика, физика және информатиканы оқытудағы ЖОО мен мектептердің өзара әрекеттестігі» әдістемелік айлық аясында «Ұстаз және оның рухани мұрасы» атты оқу-әдістемелік құралдарының авторы физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор А.Е. Кузмичевамен кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру ісі мен ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым, автор студент-магистранттармен өзінің еңбек жолы, педагогикалық жетістіктерімен бөлісе келе, жастарды аянбай еңбек етуге, педагог мамандығын таңдаған білім алушыларға өз тәжірибесін шыңдауда үнемі ізденісте болу керектігін айтты. Сонымен қатар студенттер автордың оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары, еңбектерінің жинағы көрсетілген көрмемен танысып, педагогтің жетістігіне куә болды. Айта кету керек, Александра Егоровна осы қара шаңырақтың түлегі, 60 жылдан астам уақыт осы білім ордасында еңбек етіп келеді.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз