2024 жылдың 1 наурызында жаратылыстану-география факультетінде «Жоғары оқу орнында жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша білім алушылар үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану мен басым бағыттары» атты әдістемелік айлық бағдарламасына сәйкес «Ботаника» үйірмесінің жетекшісі Ж.С. Кажымуратова және үйірме старосталары А. Өтепбергенова, Ә. Жұмақұловалардың ұйымдастыруымен Б-11, БП-11, БГ-11, БГ-13 топ студенттері арасында «BotaniQuest» интеллектуалды сайысы өтті. Сайыс студенттердің интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға және ғылыми білімге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Интеллектуалды сайыс 4 кезеңнен тұрды:
- Botanical acquaintance-таныстыру кезеңі. Бұл кезеңде қатысушылар топты және топ эмблемасын таныстырды.
- Excursio Botanica – ботаникалық сұрақтарға саяхат. Қатысушы топтар күрделілігі әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы ботаника бойынша терең білімдерін көрсетті.
- Pairing Pursuit Quest – топ басшылар сайысы. Топ басшылары терминдер мен ашқан ғалымдарды сәйкестендірді.
- Plantarium Exploratio (өсімдіктер әлемін зерттеу) – әр топ үлестірген материалдар көмегімен жасырылған өсімдік атауын тауып, сипаттама беріп өтті.
Сайыс тартысты, қызықты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар мен қатысушы топтар марапатталып, «Ең үздік эмблема» номинациясы анықталды. Сайыста барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар белсенділік танытып, іс-шара сәтті және нәтижелі өтті.