«Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» байқауы өтті

    2024 жылғы 13 наурызда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің ұйымдастыруымен педагогикалық бағытта білім алатын 3 курс студенттерінің арасында «Әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» байқауы өтті.

    Байқаудың мақсаты - студенттердің әдістемелік шеберліктерін шыңдай отыра, өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс істеуге бағыттау, алған теориялық білімдерін нығайту, тәжірибеде пайдалана білу, іскерлікке, жан-жақтылыққа, танымдық қызығушылықтарын арттыру, тапқырлыққа, белсенділікке баулу.

    Байқау ІІ кезеңнен тұрды. «Визит картасы» кезеңінде байқауға қатысушы топтар өздерінің факультеттерін таныстырып, ерекшеліктеріне тоқталып, өз шеберліктерін көрсетсе, ал «Креативті әдістемелік идеялар жәрмеңкесі» кезеңінде білім алушылар қазіргі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пән ерекшеліктеріне қарай сабақта қолданудағы әдістемелік шеберліктері сыналды.

    Байқауға «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы «Батыс Қазақстан Облысы бойынша кәсіби даму институтының» әдіскерлері мен аға оқытушылары төрелік етті.

    Байқау қорытындысы бойынша 3-орынды педагогикалық факультетінің «Smart педагог» тобы, 2-орынды филология факультетінің «Ұстаз Pro max» тобы иеленсе, тарих, экономика және құқық факультетінің «MUnar (Махамбет университетінің нарлары)» тобы жеңімпаз атанды.

    Болашақ педагогтерді жеңістерімен құттықтаймыз!

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз