«Болашақ педагог – заманауи көшбасшы»

    2024 жылғы 14 наурызда Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия оқушыларына «Педагогикалық көшбасшылық» жобасы аясында әдістемелік жұмыс және білім беру технологиялары бөлімінің шақыруымен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы»Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының" аға оқытушылары Динара Жумагалиева мен Бағдагүл Габбасова «Болашақ педагог-заманауи көшбасшы» тақырыбында тренинг өткізді.

    Тренинг педагогикалық саланы таңдаған оқушылармен жағымды қарым-қатынас орната отыра, олардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерді дамытуда қолдау көрсету мақсатында өтті.

    Тренинг барысында оқушыларға көшбасшы анықтамасы туралы, оның негізгі қызметі, көшбасшы бойындағы қасиеттері туралы кеңінен түсінік беріліп, бекітілген уақыт ішінде тапқырлық, сөйлеу шеберлігі, логика, шешендік қабілеттерін дамытатын тапсырмалармен қатар, командамен бірлесіп жұмыс жасай білу қабілеттерін көрсететін ойындар да нәтижелі орындалды.

    Мұндай тренингті өткізу жастарды үздіксіз дамуға, көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруге, қарым-қатынас әдебін қалыптастыруға, ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілікке дағдыландыруға ықпал етеді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз