БҚУ-да республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті

    2024 жылдың 3-4 сәуір аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде белгілі ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «ІІІ Umit - 2024» республикалық студенттік театрлар фестивалі өтті. Бұл іс-шара театр өнері және оның рухани-адамгершілік тәрбиедегі рөлі арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етуге арналды.

    Фестивальдің басты мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, отандық драматургтердің шығармалары есебінен студенттік театрлардың репертуарын кеңейту, сондай-ақ театр қойылымдарының көркемдік деңгейін арттыру. Фестиваль сонымен қатар жас таланттарды анықтауға және қолдауға, жоғары оқу орындары арасындағы достық байланысты нығайтуға және студенттік театр қауымдастығының одан әрі дамуына ықпал етуге ұмтылды.

    А.Н. Островский атындағы драма театр сахнасында еліміздің өзге өңірлерінен 6 студенттік театр өнер көрсетті.

     С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің "Ақжелкен" студенттік театры көрермендерді "Ақын мен ажал" қойылымымен тамсандырып, бас жүлде 300 000 теңгеге сертификатты қаңжығаларына байлады. Фестивальдің күміс жүлдегерлері - "Қарагөз" спектаклі үшін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің "Жауқазын" студенттік театрына 200 000 теңгелік сертификат табысталды. Ал үшінші орынды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Үркер" студенттік театры "Алғашқы ұстаз" қойылымы үшін иеленді.

    Бұдан басқа қатысушылар арасынан үздік ерлер мен әйелдер рөлдері, Көрермендер көзайымы сыйлығы табысталды.

    "Үздік ер адам рөлі" номинациясын және 50 000 теңге сертификатты Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің "Қаракөз" жастар театрының "Мұңлы муза" қойылымындағы рөлі үшін С. Мағауияұлына табысталды.

    "Үздік әйел рөлін" және 50 000 теңге сомасына сертификатты "Шкафта қанқам сойлейді" қойылымы үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің "Саф" студенттік театрынан Н.Достанова иемденді.

    Көрермендер көзайымы сыйлығы және 50 000 теңгеге сертификат

    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің "Өнер Жастан" студенттік театрынан  Б.Қалдыбайға тапсырылды.

    Актер, театр режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Қажымұратовтың атынан Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің "Қаракөз" студенттік театрының жетекшісіне "Мұнлы муза" қойылымы үшін арнайы сыйлық табысталды.

    «ІІІ Umit - 2024» республикалық студенттік театрлар фестиваліне Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нен осы фестивальдің негізін қалаушы мамандар да арнайы қонақ ретінде қатысып, қолдау білдірді. Айта кетерлігі 2022 жылы өткен фестивальде М. Өтемісұлы атындағы БҚУ-дің «Мұрагер» театры гран-при иеленіп, фестивальді Ақжайық өңірінде ұйымдастыру эстафетасы берліген болатын.

    Фестиваль ұйымдастырушылары барлық қатысушыларға Қазақстандағы студенттік мәдениет пен өнерді дамытуға қосқан шығармашылық үлестері үшін алғыс білдіреді. Мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасады деп үміттенеміз, жас талантты адамдарды шығармашылық көрініс пен өзін-өзі дамытуға ұмтылуға шабыттандырады және қолдайды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз