Филология факультетіндегі әдістемелік айлық

    Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінде «Білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру» тақырыбындағы әдістемелік айлық салтанатты түрде өз бастауын алды. Факультет деканы А.А. Акбулатов әдістемелік айлықтың салтанатты ашылуымен қонақтар мен профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді құттықтап, 01.04.24-29.04.24 ж. аралығына жоспарланған әдістемелік айлықтың түрлі форматта өтетінін айтты. Аталмыш әдістемелік айлықтың ресми ашылуында «Шетел тілдері мен әдебиеті мұғалімдерін дайындау» білім беру бағдарламаларының аға оқытушысы Шунайбекова К.М. бастаған студенттер «Страдание юного Вертера» атты спектаклін қойды. Қойылымды қою барысында филология факультетінің «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының 1-3 курс студенттері өз рөлдерін керемет сомдап шықты.

    Шараға филология факультетінің білім беру бағдарламаларының ПОҚ, студенттер және Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенттері, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің  ғылыми кітапханасы мен Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері ат салысты.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз