БҚУ-да «Ашық есік күні» өтті

    2024 жылдың 11 сәуірінде М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті болашақ талапкерлерді "Ашық есік күні-2024" атты жыл сайынғы іс-шарасында қарсы алды. Университет үшін дәстүрге айналған бұл іс-шара болашақ студенттерге оқу орнында қол жетімді білім беру мен зерттеудің кең мүмкіндіктерін ұсынуға, сондай-ақ университетке түсу процесін және оның барлық нюанстарын түсінуге көмектесуге бағытталды.

    "Ашық есік күні-2024" бағдарламасының басты мақсаты жалпы орта білім беретін мектептердің түлектерін университеттің білім беру бағдарламалары, бакалавриат даярлау бағыттары, сондай-ақ ағымдағы оқу жылында еліміздің жоғары оқу орындарына қабылдаудың жаңа шарттары туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ету болды.

    Күні бойы Орал қаласының 29, Бәйтерек ауданының мектеп оқушылар мен колледж студенттерінен 225 адам университеттің білім беру бағдарламаларымен танысуға, университеттің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Асқар Сайынұлы Аманбаевқа сұрақтар қоюға мүмкіндік алды.

    Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Проректор Мерген Қуанышұлы Сүлейменов талапкерлерге ҰБТ-ны сәтті тапсырып, өзінің оқуы мен мансабында табысқа жетуге тілек білдірді.

    Іс-шара концертпен және талапкерлердің университет факультеттерімен танысуымен аяқталды. Олар студенттік актив өткізген түрлі іс-шараларға, экскурсияларға және презентацияларға қатысып, университет өмірінің атмосферасын толық сезінді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз