БҚО-да төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті тыс қалмай, көмегін аямауда. Басқарма төрағасы - ректор Н.Х.Серғалиев жұмыс жүргізіліп жатқан барлық нысандарды тексеріп, сондай-ақ еріктілерге қосылды.
БҚУ жатақханаларының бірі қазірде көп балалы отбасылар мен мүгедектігі бар адамдарды қоса алғанда, 300 адамға көмек көрсетілетін эвакуациялық пункт ретінде жұмыс істейді. Нысанда тәулік бойы кезекшілік атқарылып, тұрғындар күніне үш рет ыстық тамақпен, сондай-ақ жуғыш және гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілуде.
Қызметкерлер мен студенттер арасынан 350-ден астам еріктілер тобы құрылды, аймақты қиын сәттен өткізу үшін барлық күш-жігер жұмсалуда. Әскери қызметшілерге қажет тағы 100 орын дайындалды. Сонымен қатар су басу қаупі бар аумақта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Оқытушылар мен студенттерден құралған жасақ Пугачев аялдамасы аймағында құм салынған қаптарды орналастырылды.
Су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқандардың барлығына алғыс білдіреміз! Біз біргеміз!