Шектеусіз білім!

    М. Өтемісов атындағы БҚУ-де 2022-2023 оқу жылында қарттардың көкжиегін кеңейтуге арналған “Күміс университет” жобасының жұмысы басталды.
    Бұл курстар заманауи IT-технологияларды оқудан бастап физикалық даму мен шығармашылық сабақтарға дейінгі әртүрлі бағдарламаларды ұсынады. Мысалы, “Цифрлық технология негіздері” курсында электронды Үкімет пен әлеуметтік медианы пайдалану үйретіледі. Ал “үстел теннисі” дене шынықтыруды дамытып қана қоймай, стратегиялық ойлауды машықтандырады.
    2023 жылы 61 тыңдаушы біздің курстарымыздан сәтті аяқтады. Осы жетістікпен тоқтап қалмай, оқушыларымыздың сұраулары бойынша кескіндеме, шет тілдері, өзге де спорт түрлері курстарымен бағдарламалардың ауқымын кеңейтеміз.
    Аталмыш курстарды тәжірибелі оқытушылар жүргізуде. “Күміс университет” жобасы аясында М. Өтемісов атындағы БҚУ аға буынның өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге тырысуда.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз