БҚУ КеАҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы келді

    30 сәуір «М.Өтемісов атындағы БҚУ» КеАҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, ғылым докторы, профессор, жоғары білім саласындағы сарапшы Ә. Бектұрғанов
    М.Өтемісов ат. БҚУ-да болып қайтты.
    Университеттің арнайы көрмесінде ғалымдарымыз әртүрлі білім салаларындағы ауқымды жетістіктерімен таныстырып, сондай-ақ зерттеулердің басым бағыттары мен ғылыми жаңалықтарымен бөлісті.
    Директорлар Кеңесінің төрағасы факультет декандарымен және ББ, бөлім басшыларымен бірге жұмыс процесін жақсартуға бағытталған идеяларды, маңызды мәселелерді талқылады.
    “Біздің мақсатымыз-білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету. Студенттеріміз үшін ең жақсы жағдай жасау маңызды”, - деп
    атап өтті Ә.Бектұрғанов.
    Университеттің жатақханаларына, атап айтқанда ағымдағы оқу жылында пайдалануға берілген №4 студенттердің жаңа үйіне назар аударылды. Директорлар Кеңесінің төрағасы студенттердің өмір сүру жағдайымен жеке танысып шықты.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз