БҚУ студенті Азия чемпионы атанды!

    М.Өтемісов ат.БҚУ Педагогика факультетінің Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімдерін даярлаудың білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Сабыржан Аққалықов Азия чемпионы атанды.
    2024 жылғы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астана қаласында өткен бокстан жастар арасында Азия чемпионатында М. Өтемісов ат.БҚУ студенті Сабыржан Аққалықов 71 келі салмақ дәрежесінде өзінің шынайы таланты мен табандылығын көрсетті!
    Сабыржан Аққалықов финалдық кезеңде Тәжікстандық Довуд Махамовпен жекпе-жек өткізіп, чемпион атанды.
    Айта кету керек, құрамында Сабыржан бар бокстан Қазақстан құрамасы 24 медаль еншілеп, 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында командалық есепте бірінші орын алды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз