М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде заманауи білім берудің өзекті мәселелеріне арналған "Білім берудегі трендтер" халықаралық конференциясы өтті.
Конференцияға онлайн және офлайн форматта республиканың жетекші жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері, облыстық білім басқармасы, «Өрлеу Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»» АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша кәсіби даму институтының филиалы қызметкерлері, мектеп басшылары мен мұғалімдері, мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, аспиранттар мен магистранттар қатысты.
М. Өтемісов атындағы БҚУ проректоры Г. Қайсағалиева конференцияны құттықтау сөзімен ашып, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.
Конференция білім беру жүйесіндегі инновацияларға, білім беру тәжірибесін цифрландыруға және трансформациялауға, сондай-ақ білім беру сапасын бағалау жүйесін жетілдіруге арналған үш маңызды секцияға ұйымдастырылды. Қатысушылар тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылады және білім беру процесін жақсартудың жаңа тәсілдерін әзірледі.
Конференцияда 300-ден астам мақала ұсынылды, олардың ішіндегі ең үздіктері халықаралық стандартты кітап нөмірін (ISBN) бере отырып, ғылыми еңбектердің электронды жинағында жарияланады.
"Білім берудегі Трендтер" конференциясы тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және білім беру процесін жетілдірудің жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін маңызды платформаға айналды.