Студенттер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілімен кездесу өткізді

    М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары М.Қасымовпен кездесті.
    БҚУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Өскелең ұрпаққа танымдық-тәрбиелік маңызы бар іс-шараны ұйымдастырған университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры М.Сүлейменов жиын басында жемқорлықтың тигізетін зиянына тоқталды.
    Кездесуде М. Қасымов студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік саясат аясында қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Ол қоғам өмірінің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу үшін қолданылатын негізгі стратегиялар мен құралдарды атап өтті. Мысалы, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасы бүгінде барлық белсенді жастардың басын қосып, адал қоғам құруға септігін тигізуде.
    Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылауға, сондай-ақ оған қарсы іс-қимыл бойынша мүмкіндіктер мен сындарлы идеяларды ұсынуға белсенді қатысты. БҚУ студенттері білім алу барысында адал білім алып, сол білімді еліміздің өркендеуі үшін пайдалануға аса көңіл бөлу туралы ниеттерін жеткізді. Сондай-ақ кездесу соңында іс-шарада алған құнды білімдері мен ұсынымдары үшін алғыс білдіріп, университет деңгейінде де, жалпы қоғамда да сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз