М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттері Алматы Менеджмент Университетінде (AlmaU) өткізілген «Қазақстанның орнықты дамуы мен сыртқы саясатының» өзекті мәселелеріне арналған XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 2 орын алып, жоғары білім деңгейі мен шығармашылық көзқарасын көрсетті.
Г.Н. Есееваның жетекшілігімен студенттер Хайруллин Азамат, Амантаева Перизат және Ғабдолғазиз Алмастан құралған топ пәнді өте жақсы білетіндігін және оны іс жүзінде қолдана алатынын көрсетіп, еліміздің жетекші университеттерінің командалары арасында екінші орынды иеленді.
Қазақ тілінде ұсынылған құрамында Хамитова Мадина, Ермағамбетова Камилла және Серікқали Нұрхат бар екінші команда ерекше құрметке ие болды. Олардың шығармашылық презентациялары «үздік шығармашылық презентация» арнайы номинациясымен марапатталды.
Олимпиада қазылар алқасының төрағасы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі және БҰҰ-ның ҚР-дағы Ақпараттық Бюросының басшысы Властимил Самек болды.