Жеңімпаздар марапатталды...

    2024 жылғы 21 мамырда Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде белсенді студент жастармен және халықаралық және республикалық жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздарымен салтанатты кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов қатысты.

    Мұратбек Қасымов Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының атынан БҚУ-ға алғыс хат табыс етті. Өз сөзінде ол университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларға қатысуының маңыздылығын атап өтті.

    - БҚО атынан «ANTIPARACRAFT-2024» бірінші республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынында БҚО студенттері 2 орын алды. Байқаудың ашықтығы біздің студенттеріміздің үздік екендігін және ел игілігі үшін әрқашан еңбек етуге дайын екендігін дәлелдейді. "Махамбет жастарын" құттықтаймын! Осыған байланысты Махамбет университетіне басшылығы мен ұжымына білімді, адал жастарды тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сіз әрқашан қолдау көрсетуге және біздің іс-шараларымызға қатысуға дайынсыз. Студенттердің адалдық пен әділдікке деген қызығушылығы қуантады, - деді М.Қасымов. 

    Кездесу барысында университет ректоры Нұрлан Серғалиев пен Мұратбек Қасымов «ANTIPARACRAFT-2024» бірінші республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойынында жүлделі 2 орынға ие болған студенттерге марапаттар табыс етті. Сонымен қатар халықаралық, республикалық спорт жарыстарында жоғары дайындық пен спорт шеберлігін көрсеткен  жеңімпаздар да құрметке ие  болды.

    Пәндік олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттер де академиялық жетістіктері үшін лайықты марапаттар табысталды.

     Ректор Нұрлан Серғалиев студенттерге еңбектері мен жетістіктері үшін алғысын білдірді:

    "Біздің университетте бүкіл әлем мойындауға лайық студенттердің бар екеніне шын жүректен қуаныштымын. Жұмсалған күш-жігеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Біздің студенттер біздің университетті ғана емес, бүкіл елдің беделін көтере отырып, барлық салада ең жақсы екендіктерін дәлелдеуде. Бұдан басқа төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен студенттеріміз де бар.Әрқайсыңызға шын жүректен алғысымды айтамын. Сіздермен мақтанамын! " – деді университет ректоры өз сөзінде.

    Су тасқыны кезінде белсенді түрде көмектескен ерікті студенттерге ерекше назар аударылды. Олардың жанқиярлығы мен қиын уақытта көмекке келуге дайындығы облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.

    Кездесуді ұйымдастырушы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Мерген Сүлейменов белсенді студент жастардың университет пен жалпы қоғамның дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз