2024 жылғы 21-22 мамыр күндері «Педагогикалық көшбасшылық» жобасының қорытынды сабақтары өтті.
2023-2024 оқу жылында университет бастамасымен қолға алынған жобаға № 40 мектеп пен эстетикалық бағыттағы гимназиядан 33 оқушы сертификаттар, кәсіби бағдарлаушыларға алғыс хаттар табысталды. Кездесу барысында «Педагогикалық шеберхана» модуліне сәйкес жоба оқытушысы Г.Г. Тұрғаналиева эссе жазудың жолдары мен әдістері бойынша шеберлік-сағатын өткізді.
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, жоба барысында алған әсерлерімен бөлісті.