«БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ» БАЙҚАУЫ

    2024 жылғы 24 мамырда М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде мамандар даярлаудағы сапаны арттырудың жаңа жолдарын іздеуде, оқытудың инновациялық технологияларын оқу сабақтарында қолдана отырып, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында «Білім берудегі инновациялық әдістеме» байқауы өтті.

    Байқау барысында қатысушылар өз тәжірибесінде қолданып жүрген инновациялық әдістерімен таныстырып, бейнесабақтарын, мақала мен презентацияларын ұсынды. Жеңімпазды анықтау үшін бағалау автоматтандырылған жүйеге қойылып, байқау қорытындысы аяқталсымен шығарылды. Белгіленген критерийлерге сәйкес комиссия мүшелері университеттің ПОҚ арасында байқау жеңімпазын анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі дипломдар, қатысқаны үшін алғыс хаттармен және ақшалай сыйдың сомасы көрсетілген сертификаттар мен университеттің кәсіподақ ұйымы атынан гүл шоқтары табысталады.  

    Байқауға ұсынылған үздік мақалалар «Өркен» газетінде жарияланатын болады.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз