М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университетінде егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған «Күміс университеті» бағдарламасы аясында курстар аяқталды.
Курстарды аяқтағандарға сертификат табысталды. Барлық қатысушылар бейресми жағдайда өткен жиында өз әсерлерімен және нәтижелерімен бөлісті.
Бағдарлама аясында егде жастағылардың спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтына жағдай жасалады. Қатысушылар арасында танымал курстардың бірі - үстел теннисі, ол тек сергектік пен позитивтілікті ғана емес, сонымен қатар ептілікті, негізгі физикалық қасиеттерді дамытады және жаңа орта табуға мүмкіндік береді.
Университет Батыс Қазақстан облысы мен Орал қаласының зейнеткерлерінің тиімді бос уақытын ұйымдастыру үшін «Қамқор» Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен тығыз жұмыс істейді. Курс қатысушылары жоғары белсенділік, ынта және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын көрсетті.
«Күміс университет» бағдарламасы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Зейнет жасындағы аға буын өкілдері мен студент жастарды тарту арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, үлкендерді құрметтеу, өзара сыйластық, отбасы институты, қарым-қатынас мәдениеті және ұлттық дәстүрлер сынды құндылықтарды дамытуға ықпал етеді.