"Talpyn" облыстық мүмкіндіктер алаңы аясында Махамбет университетінің Дизайн БББ студенттерінің жұмыстары ұсынылды. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, жас таланттардың бастамасын қолдап, өңірді дамыту үшін осындай жобалардың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар мүмкіндіктер алаңында бос орындар жәрмеңкесі, "Ауыл Аманаты" және "Бір ауыл – бір өнім" жобаларына қатысушылардың, кәсіптік білім берудің, IT-индустрия мен қолөнершілердің көрмелері, кәсіпкерлермен кездесу және шеберлік сыныптары ұйымдастырылды.
Сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің, Әділет департаментінің, Мемлекеттік кірістер департаментінің, кәсіпкерлік палатасының және Отбасы банкінің өкілдері жастарға қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес берді.
"Talpyn" алаңы студенттерді, кәсіпкерлерді, мемлекеттік құрылымдар өкілдерін және облысты дамыту мен жастарды қолдауға мүдделі барлық адамдарды біріктіретін бірегей платформаға айналды.