Бүгін М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Ата заң - елдігіміздің берік негізі» атты облыстық ғылыми конференция өтті.
30 тамызда атап өтілетін Конституция күні — Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды күн және оның барлық азаматтарының бірлігінің нышаны. Әнұранмен басталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекетіміздің қалыптасуы мен қоғамды нығайтудағы маңызы мен рөлін атап өтті.
Сонымен қатар БҚО ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, М. Өтемісов ат. БҚУ оқытушылары, БҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, студенттер мен БАҚ өкілдері Конституцияда көзделген этносаралық қатынастардың, адам құқықтарын қорғауға және жастар саясатына аспектілеріне ерекше назар аударды.
Қатысушылар Конституцияның саяси тұрақтылықты, ұлтаралық достық пен әлеуметтік әл-ауқатты қамтамасыз етудегі рөлін, сондай-ақ оның заңды сақтау және адам құқықтарын құрметтеу мәдениетін дамытуға әсерін талқылады.