М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері мен “Ауыл” партиясы өкілдерінің Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы Жолдауындағы негізгі қағидаттарды талықылады. Партия өкілдері Жолдауда белгіленген бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, қатысушылармен Халықты әлеуметтік және экономикалық қолдауға, ауыл шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ осы процестердегі жастардың рөліне қатысты мәселелерді белсенді талқылады.
Айрықша назар ауылдық жерлерді дамыту, жастар бастамаларын қолдау және студенттердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы рөліне бөлінді.
Сонымен қатар кездесу барысында су тасқынының салдарын жоюға елеулі үлес қосқан студент-волонтерлер марапатталды. Олардың жанқиярлығы мен белсенді азаматтық позициясы баршаға үлгі болмақ.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, партия өкілдерімен өздері үшін өзекті тақырыптарды талқылау мүмкіндігіне ие болды.