Махамбет университетінің оқытушылары Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебіндегі Academic Leadership Institute:Dean’s School бағдарламасына қатысты.
Бұл бағдарлама Қазақстандық және Қырғызстандық жоғары оқу орындары үшін өзекті болып табылатын тиімді басқару дағдыларын дамытуға бағытталған. Қатысушылар білім сапасын басқару, цифрлық трансформация, стратегиялық жоспарлау және т.б. тақырыптарды талқылады.
Бағдарлама барысында танымал спикерлер жасанды интеллект пен білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге байланысты тақырыптардағы шеберлік сабақтарын өткізген болатын.
БҚУ өкілдері 83 жоғары оқу орнының әріптестерімен тәжірибе алмасуға және практикалық тапсырмаларға белсенді қатысты.