Махамбет университетінің ҚР Жоғары білім қызметкерлері күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға профессор ұстаздар, білім беру ардагерлері, студенттер мен университет қауымдастығының өкілдері жиналды.
Іс-шара аясында университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан баға жетпес үлесі үшін арнайы марапаттарға ие болды.
Университет ректоры Н.Х. Серғалиев құттықтау сөзінде:
«ЖОО қызметкерлерінің еңбегі - бұл еліміздің болашағын құратын жоғары миссия. Сіздің арқаңызда біздің студенттер сапалы білім алумен қатар, шығармашылық тұрғыдан ойлауды, тың шешімдер табуды және жауапты азамат болуды үйренеді. Сіз олардың болашақ табыстарының негізін қалайтын адамдарсыз. Мамандыққа деген адалдығыңыз үшін, тұрақты дамуға ұмтылғаныңыз және өз ісініңіз асқан жауапкершілікпен берілгендігіңіз үшін алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті.
Іс-шара университет студенттері дайындаған мерекелік концертпен аяқталды. Жастар музыкалық және би қойылымдары арқылы оқытушыларға шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, оларға білім беріп, ғылым әлеміне есік ашқандарға құрмет көрсетті.