ҚР Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Дархан Ахмед-Заки БҚО ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесті

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім Вице-министрі Дархан Ахмед-Заки Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өңірдің ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді. Ең алдымен вице-министрге Махамбет университетінің ғылыми және білім беру қызметінің негізгі жетістіктерінің көрмесімен танысты.

    Кездесудің негізгі тақырыбы Қазақстанда ғылым мен жоғары білім беруді дамыту мәселелері болды. Дархан Ахмед-Заки Министрліктің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылап, негізгі жетістіктерін жиналғандар назарына ұсынды. Өз баяндамасында сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар туралы айтты. Вице-министр тоқталған негізгі бағдарламалардың қатарында 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасы, сондай-ақ жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бар.

    Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы шеңберінде жасанды интеллектті енгізуге және цифрлық технологияларды дамытуға ерекше назар аударылды. Дархан Ахмед-Закидің пікірінше, бұл - елдің білім беру және ғылым саласын табысты дамыту үшін маңызды элемент болмақ.

    Сондай-ақ вице-министр брифинг өткізіп, жергілікті БАҚ өкілдерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Брифингтен кейін Дархан Ахмед-Заки азаматтарды жеке қабылдауында сала мамандарын мазалайтын сұрақтарына көңіл бөлді.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз