Қос дипломды бағдарламаның келешегі

    М.Өтемісов атындағы БҚУ-і Әзербайжан Республикасының Бас консулдығымен қос дипломды бағдарламаның келешегін талқылады

    М. Өтемісов ат. БҚУ ректоры Нұрлан Серғалиев Ақтау қаласындағы Әзірбайжан Республикасы Бас консулдығының басшысы Эльчин Маммадовпен Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.

    Басты тақырып - Баку мемлекеттік университетімен қос дипломды білім беру бағдарламасын құру мүмкіндігін талқылау. Мұндай бағдарлама екі елдің студенттеріне екі университетте бірегей оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, бұл білім беру үдерісін дамыту және жоғары білікті мамандарды даярлау көкжиегін кеңетппек.

    Эльчин Маммадов атап өткендей, бұл кездесу М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.  

    - "Елдеріміз арасындағы жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту өзара тиімді және нәтижелі болатынына сенімдіміз. Баку университетімен қос дипломды бағдарлама құру жоғары білім саласындағы маңызды оқиға болады және жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады."

    Өз кезегінде университет ректоры сапары үшін алғысын білдіріп, екі ел арасындағы білім беру саласындағы қатынастарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

    Сонымен қатар қонақтар Батыс Қазақстан университетінің музейінде университеттің тарихымен, жетістіктерімен, оқу орнының дамуының кезеңдері және оның өңірдің білім беру процесіне қосқан үлесі таныстырылды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз