2024 жылғы 29 қарашада Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті өкілдерінің арасында дефектология және инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша онлайн-кездесу өтті.
МПМУ тарапынан кездесуге қатысқандар:
- Ольга Александровна Морозова, Халықаралық байланыстар басқармасы бастығының орынбасары,
- Анна Алексеевна Алмазова, Балалық шақ институтының директоры, логопедия кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы,
- Светлана Брониславовна Серякова, Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы.
ЗКУ тарапынан:
- Қажмұрат Мақсұтұлы Ахмеденов, Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, профессор,
- Гүлжан Алғазықызы Ерғалиева, Педагогика факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты,
- Владислав Сергеевич Зубков, Халықаралық байланыстар бөлімінің жетекшісі, PhD,
- Эльмира Қайрлықызы Әбдіраимова, Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі,
- Гүлшат Сержанқызы Әбугалиева, аға оқытушы.
Кездесудің басты тақырыптары:
? БҚУ оқытушыларының МПМУ базасында арнайы педагогика (коррекциялық және дефектология) саласындағы біліктілігін арттыру бойынша бағдарламалары.
? БҚУ қызметкерлерінің коррекциялық педагогика бағыты бойынша МПМУ магистратурасына күндізгі бөлімге түсу мүмкіндіктері.
Тараптар инклюзия және арнайы педагогика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ортақ қызығушылық танытты. Ендігі кезекте 2025 жылдың қаңтар айында ЗКУ делегациясының МПМУ-ға жұмыс сапары, МПМУ-дың ғылыми-әдістемелік базасымен танысу, Балалық шақ институтының өкілдерімен кездесу және екі университет арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою жоспарлануда.