Академиялық адалдықты қамтамасыз ету құралдарын енгізу бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды

    М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Қашықтықтан және онлайн оқыту орталығы Coursera білім беру платформасы мен BMG UpSkill ұйымының бастамасымен іске қосылған «Coursera құралдарын академиялық адалдық үшін пилоттық сынақтан өткізу» пилоттық жобасын сәтті аяқтады.

    Жоба 2024 жылғы 18 қыркүйектен 29 қарашаға дейін өтті және білім беру үдерісінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін заманауи технологияларды енгізуге бағытталды. Пилоттық жобаға университеттің 80 студенті мен оқытушылары қатысып, 16 онлайн курсты сәтті аяқтады.

    БҚУ бұл жобаны іске асырған алғашқы университет ретінде инновациялық білім беру технологияларын енгізудегі көшбасшылығын көрсетті.

    Емтихан өткізу процесін бақылау үшін Coursera платформасының AutoProctor құралы және Locking Browser арнайы бағдарламалық жасақтамасы пайдаланылды. Бұл технологиялар тестілеу барысында ережебұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік беріп, бақылау деңгейін жоғарылатты.

    Жоба Қазақстанның алты жоғары оқу орнын біріктіріп, академиялық адалдық пен білім беру үдерісінің объективтілігін нығайтуға арналған инновациялық шешімдерді енгізу жолындағы маңызды қадам болды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз