Педагогикалық тәжірибе: жаңа білім беру тәжірибесіне жол

    2024 жылдың 28 қазан мен 7 желтоқсан аралығында өткен педагогикалық сараман аясында магистрант-практиканттар өздерінің білімін тереңдетіп, оқыту әдістерін жетілдіру бағытында бірнеше шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырды. Бұл шаралар студенттердің ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ топтық жұмыс дағдыларын жетілдіруге бағытталды. Олардың ішінде «Quiz Арена», «BIO IQ», «Генетика: қазіргі жетістіктер мен болашақ мүмкіндіктер» және «Биологиялық дебат», «Бактериялар мен вирустар. Инфекциялық аурулардың алдын алу» сайыстары ерекше назар аударуға тұрарлық болды.

    «Quiz Арена» тақырыбында магистрант-практиканттар Талапова Ляззат, Наурыз Ертілек, Ромашева Айнагүл, Ибрахим Гүлшара және Жолдыбек Гаусарияның жетекшілігімен интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. Сайыс төрт кезеңнен тұрды: «Логика қайда?», «Сұрақтар алаңы», «Ғалымдар» және «Бәс». Әр кезеңде қатысушылар биология пәнінің түрлі теориялық және логикалық аспектілері бойынша сұрақтарға жауап берді. Шараға БГ-21 және БГ-31 топтарынан «Раффлезия», «Дарвин ұрпақтары», «Биомагия» атты үш топ қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы интерактивті тапсырмаларды орындады. Теориялық бөлімде студенттерге биологияның әртүрлі салаларынан сұрақтар қойылып, олардың ғылыми білімдері мен логикалық ойлау қабілеттері тексерілді. Практикалық кезеңде топтарға өсімдік түрін анықтап, оны құмыраға дұрыс отырғызу бойынша тапсырма берілді. Бұл кезеңде топтар өсімдіктердің отырғызу ережелерін сақтай отырып, практикалық дағдыларын көрсетті. Интелектуалды сайыс нәтижесінде «Дарвин ұрпақтары» тобы жоғары нәтиже көрсетті. Бұл шара студенттердің топтық жұмыс дағдыларын жетілдіріп, білімдерін тереңдетуге ықпал етті.

    Магистранттар Арыстанова Л.А., Бакиев С.С., Кожева Е.Ю. және Маноли Н.С. Эко-12 және БГ-22 топтарының 1-ші және 2-ші курс студенттері арасында «Бактериялар мен вирустар. Инфекциялық аурулардың алдын алу» тақырыбында тәрбиелік шара өткізді. Шара барысында баяндама, әңгімелесу, ойын сияқты әдістер қолданылды. Шараның жүргізушісі магистрант Арыстанова Л.А. болды. Шараның алғашқы кезеңінде инфекциялық аурулар туралы баяндама жасаған қонақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығының дәрігер-биологы Тайгаренова А.М. сөз сөйледі. Шараның екінші бөлімінде бактериалық және вирустық аурулар туралы баяндамалармен магистранттар Кожева Е.Ю. және Бакиев С.С. таныстырды. Қорытынды бөлімді магистрант Маноли Н.С. ойын түрінде өткізді. Ойын екі шығармашылық кезеңнен тұрды. Ойын нәтижелері бойынша қорытынды дауыс беру онлайн платформа Mentimeter арқылы жүргізілді.

    Осы шаралар барысында магистранттар мен студенттер бірлесіп, биология пәні бойынша терең білім алу және шығармашылық қабілеттерін көрсету мақсатында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Іс-шаралар оқу үдерісінің тиімділігін арттырып, студенттердің болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген қызығушылықтарын оятып, педагогикалық тәжірибелерін жетілдіруге ықпал етті.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз