Қысқы мектеп – 2025

    М. Өтемісов атындағы БҚУ-да дәстүрлі Қысқы мектеп өтті. Бұл іс-шара университет қызметкерлері мен оқытушылары үшін тәжірибе алмасу және кәсіби біліктіліктерін арттыру алаңына айналды.

    Қысқы мектеп аясында университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері өзекті тақырыптар бойынша оқу семинарлары мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырды:

    1. М. Өтемісов ат. БҚУ-дың 2025-2029 жылдарға арналған негізгі қызмет көрсеткіштері – университеттің стратегиялық даму жоспарын талқылау.
    2. Университеттің ақпараттық сайтымен жұмыс істеу – контентті жаңарту және басқару ерекшеліктері.
    3. e-Otinish арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өңдеу – электронды сұраныстарды тиімді басқаруға оқыту.
    4. SalemOffice арқылы қосымшалар мен құжаттарды басқару – корпоративтік қосымшалармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.
    5. KPI жүйесі – жоспарлау, бағалау жүргізу және есептілік құру.
    6. Оқытушының кәсіби стандарты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқытушыларына қойылатын талаптар.
    7. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу – бекіту және келісу тәртібі.
    8. Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін оқыту моделін құру.
    9. Coursera платформасындағы жаппай ашық онлайн-курстар – идеядан іске асыруға дейін.

    Ерекше назар «Академиялық адалдық: саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбындағы семинар-тренингке және EdSmart – интерактивті бейнежазба студиясының функционалымен танысуға аударылды.

    Қысқы мектеп тек білім беру алаңы ғана емес, сонымен қатар конструктивті диалог пен өзара әрекеттестіктің орнына айналды.

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз