Би өнері: шабыт пен қозғалыс жолы!

Махамбет университетінде «Күміс университет» бағдарламасы аясында «Би өнері» курсы өз мәресіне жетті!

? Аға оқытушылар, магистрлер Кенжетаева А.И. мен Амреева Т.М.-ның жетекшілігімен қатысушылар 36 сағаттық қарқынды бағдарламаны сәтті аяқтады. Олар латиноамерикалық және еуропалық спорттық бал билерінің қыр-сырын меңгеріп, хореографиялық өнердің ерекше әлеміне енді.

✨ Бұл жоба егде жастағы адамдарға арналған және жайлы, кәсіби жабдықталған хореографиялық залдарда аптасына екі рет өтті. Қатысушылар бір-бірін шабыттандырып, жаңа қимылдарды үйренудің қуанышын бөлісті.

? Курсты аяқтағандардың бәрі лайықты сертификаттарға ие болды. Ең бастысы – би өнерінен қуат пен шабыт алу мүмкіндігіне бөленді.

?️ Бұл курс – жастың шығармашылық пен білімге шектеу болмайтынының жарқын дәлелі. Барша қатысушыларға, шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

 

Біздің мекенжай

Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыста болыңыз