Әлеуметтік онлайн-сауалнамалар

    2024 жылдың 30 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында университеттің әлеуметтік зерттеулер орталығы «М.Өтемісов атындағы БҚУ білім алушылардың әлеуметтік көңіл-күйін бағалау» жобасы аясында кезекті әлеуметтік онлайн сауалнама жүргізілді.

    Бұл сауалнаманың мақсаты білім алушылардың әлеуметтік әл-ауқатының жағдайын сипаттайтын пікірлері мен бағалау пайымдауларын нақтылау болды.

    Барлығы 1524 студент пен 150 магистранттан сұхбат алынды , компьютерде 1674 толтырылған сауалнама алынды және өңделді.

    2024 жылғы 5 желтоқсаннан 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін университеттің әлеуметтік зерттеулер орталығы «М. Өтемісов атындағы БҚУ оқытушыларының әлеуметтік көңіл-күйін бағалау» жобасы аясында кезекті әлеуметтік сауалнама жүргізді. Сауалнаманың мақсаты университет оқытушыларының әлеуметтік әл-ауқаты туралы пікірлер мен бағалау пайымдауларын нақтылау болды.

    Онлайн-сауалнама барысында барлығы 177 респондентпен сұхбат жүргізіліп, толтырылған 177 сауалнама қабылданып, өңделді.

    Зерттеу нәтижелері бойынша университет басшылығы мен факультет декандарына егжей-тегжейлі аналитикалық есептер дайындалып, жіберілді.

     

     

    Біздің мекенжай

    Қазақстан Республикасы, Орал қ., Н.Назарбаев даңғылы 162,

    тел/факс: +7 (7112) 51 26 32, +7 (7112) 51 42 66,  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

    Байланыста болыңыз