Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде студенттерге арналған жаңа шеберхана ашылды
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде ректордың қолдауымен студенттердің шығармашылық және кәсіби дамуына арналған жаңа шеберхананың салтанатты ашылуы болды.
Жобаның басты мақсаты – студенттерге шығармашылық қабілеттерін дамытуға, кәсіби білімдерімен қатар жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін алаң құру. Шеберхана жастар арасында тәжірибе алмасуы мен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды алаңға айналады.
Шеберхананың айрықша ерекшелігі оның бірегейлігі болып табылады – мұндай жоба университетте алғаш рет іске асырылды және өңірдің басқа жоғары оқу орындарында баламасы жоқ.
Бүгінгі таңда шеберханада сұлулық салоны, MUstore брендтік киімдер желісі, копицентр, қолөнер шеберханасы құрылды. Өз ісін бастаймын деген студент жастарға үшін университет ғимаратты тегін ұсынды. Студенттер үшін барлық қызметтер нарықтан төмен көрсетілетінін атап өткен жөн.
Шеберхана жұмысы барысында студенттер шеберлік сыныптарына қатысып, өз бастамаларын іске асырып, инновациялық жобалармен айналыса алады. Мұндай тәсіл тұлғаның жан-жақты дамуына, өзіне деген сенімділік қалыптастыруға және болашақ мамандарды дайындауға бағытталған.
Ашылу салтанатында университет басшылығы бұл жаңа шеберхананың білім беру процесінің маңызды бөліміне айналатынына және студенттердің өз әлеуетін ашуға көмектесетініне сенім білдірді. Мұндай бастамалар білім сапасын арттыруға және белсенді, шығармашылық жастарды дамытуға ықпал етеді деп атап өтті.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті алдағы уақытта да жастардың бастамаларын қолдап, студенттердің таланттарын дамытуға жағдай жасауды жалғастырады.