«Қоғамдық келісім мен этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті!
Бүгін Батыс Қазақстан университетінде «Қоғамдық келісім мен этносаралық төзімділіктің қазақстандық моделі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен БҚУ ҚХА кафедрасының 10 жылдығына арналып өтті.
Конференцияда БҚУ ректоры Н.Х. Сергалиев кафедраның 10 жылда атқарған еңбегіне шолу жасап, маңызды бағыттарды атап өтті. Сондай-ақ Астана қаласынан келген қонақтар арасында саяси ғылымдар докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, «Шаңырақ» ҚХА кафедралар қауымдастығының төрайымы Наталья Павловна Калашникова баяндама жасап, «Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлттық бренд және халық дипломатиясы институты ретінде» тақырыбын көтерді.
Конференцияға қатысқан ғалымдар мен сарапшылар арасында:
- Лапенко Марина Владимировна, т.ғ.к., саясаттану кафедрасының доценті, Мәскеу қаласы;
- Гульсун Ероглу, М.Өтемісов атындағы БҚУ түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы, Түркия елшілігінің еріктісі;
- Оруджов Илькин Юсиф оглы, Есенов университеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушысы, Әзербайжан орталығының директоры (онлайн);
- Амирханян Аветик Рубенович, БҚО «Масис» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Конференция барысында қоғамдық келісім, этносаралық төзімділік және Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі талқыланып, маңызды баяндамалар ұсынылды. Бұл шара еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосты!