⚜️ Махамбет университетінде студенттер арасындағы дәстүрлі “Денсаулық” спартакиадасы мәресіне жетті! ⚡️
Махамбет университетінде өткен “Денсаулық” спартакиадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Бір ай бойы студенттер өздерінің спорттық дағдыларын сынап, факультеттерінің намысын қорғады.
Тартысты бәсекелердің нәтижесінде жалпы командалық есепте үшінші орын педагогика бұйырды, күміс жүлдені филология факультеті иеленсе, ал спартакиаданың жеңімпазы физика-математика факультеті атанды. ?
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!