М.Өтемісов атындағы БҚУ 15.04.2025 ж. университеттің 29 білім беру бағдарламасын мамандандырылған аккредиттеу мақсатында САААЕ агенттігінің (білім беруді аккредиттеу жөніндегі Орталық Азия қауымдастығы) ССК жұмысына кірісті.
Сапар барысында университет басшылығымен, оқытушылармен, қызметкерлермен, студенттермен, түлектермен және жұмыс берушілермен кездесулер, сондай-ақ оқу сабақтарына қатысу, практика базаларына бару және университеттің инфрақұрылымымен танысу жоспарлануда.