2025 жылдың 25 сәуірінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Тарих, экономика және құқық» факультетінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай «Ата заң – асыл мұраттар бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Дөңгелек үстел жұмысына «Құқық» білім беру бағдарламасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушыларынан бөлек, арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті Істері басқармасы жанындағы Парламентаризм институты директорының міндетін атқарушы, заң ғылымдарының докторы Бекжанов Берік Айдарбекұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасындағы заң шығару саласындағы негізгі реформалар мен олардың болашақтағы даму бағыттары туралы кеңінен сөз қозғады.
Сонымен қатар дөңгелек үстел аясында келесі спикерлердің баяндамалары тыңдалды:
- Нуржанова Айнагүл Қанатқалиқызы – «Құқық» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы;
- Калиоллиев Сабит Ғабитұлы – Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны;
- Амангелді Айнұр Талғатқызы – Орал қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры;
- Муканова Альбина Заирқызы – Орал қаласының №2 соты әкімшісінің бас маманы, сот отырысының хатшысы.
Дөңгелек үстел тақырыбы тыңдаушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Іс-шара барысында профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер баяндамашыларға өз сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, ұйымдастырушылар мен қонақтарға алғыстарын жеткізді.